» » Коронавируспен күресте қайтыс болғандардың өтемақысын туыстарына беріп жатыр

Коронавируспен күресте қайтыс болғандардың өтемақысын туыстарына беріп жатыр

  Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі коронавируспен күресте қайтыс болғандарға өтемақы төлене бастағанын хабарлады. Бүгінге дейін 1,4 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус және пневмонияға шалдыққанына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. COVID-19-бен күресте еңбек еткен 1 429 медицина қызметкері МӘСҚ-тан біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Аталған қордан аурудан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды.
11 қыркүйекте COVID-19, пневмонияға шалдыққан – 1 429, қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына өтемақы берілді. Ең көп ауруға шалдыққан Нұр-Сұлтан (260), Алматы қаласы (191), Алматы облысы (119), Қарағанды (110), Ақмола облысының (110) медицина қызметкерлеріне төлемдер берілген. Ескерте кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына биыл 22 шілдеде өзгерістер енгізілді.
aikyn.kz
11 қыркүйек 2020 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930