Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды
Бас санитардың айтуынша, медицина қызметкерлері індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-ін құрайды
Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.Ауырып қалған дәрігерлердің 492-де пневмония байқалса, 511-і емін жалғастырып жатыр.
"18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.Оның айтуынша, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.