Спортшылар рейтингі жаңартылды
27 қаңтар күні Тель-Авив Гран Приінен кейін халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) бүкіләлемдік дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Израильде өткен Гран При турнирінің күміс жүлдегері қазақстандық Ерлан Серікжанов 11- орыннан 9 - орынға 2 сатыға жоғарылады. Назарларыңызға жаңартылған рейтингтегі қазақстандық дзюдошылар орнын ұсынамыз (ТОП-50):
60 кг Елдос Сметов – 2 орын (5809 ұпай) Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4170);
66 кг Ерлан Серікжанов – 9 (3829) Елдос Жұмақанов – 19 (2775);
73 кг Жансай Смағұлов – 31 (1965);
81 кг Дидар Хамза – 24 (2282) Руслан Мұсаев – 41 (1279);
90 кг Ислам Бозбаев – 17 (2943);
100 кг Айбек Серікбаев – 46 (1045);
+100 кг Ерасыл Қажыбаев – 36 (1423).