» » Спорт саласын дамыту мақсатында көшпелі отырыс өтті

Спорт саласын дамыту мақсатында көшпелі отырыс өтті

  Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінде облыс аумағындағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатындағы көшпелі отырыс өтті. Жиынды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов бастаған жұмысшы топ арнайы қатысты. Жиында аудан басшысы өткен жылы спорт саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
– Былтырғы жылы аймақ басшысының қолдауымен орталық Жалаңтөс батыр стадионында жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар облыстық спорт басқармасы тарапынан 6 ауылға, атап айтсақ Кәукей, Бекарыстан би, Түктібаев, Басықара, Жалаңтөс батыр, Жанқожа батыр ауылдарына күрес, тоғызқұмалақ, бокс, волейбол спорт түрлерінен жаттықтырушылар бөлінді. Нәтижесінде ауылдағы  400-ге жуық жас спортқа тартылды, - деді ол.
Спорт саласы бойынша аудан көлемінде 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов хабарлама жасады. Мәжіліс барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов сөз алып, аймақ бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылар өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, спорт саласын дамыту мәселелерін талқылады.
30 қаңтар 2019 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031