» » Головкин жекпе-жегінің уақыты өзгермейді

Головкин жекпе-жегінің уақыты өзгермейді

 Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Сауль Альварес допингке байланысты спорттан шеттетіліп, реванш болмай қалған күннің өзінде де Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің датасы 5 мамыр болып қала бермек.
Бұдан бұрын мексикалық Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен 10 сәуірге дейін уақытша спорттан шеттетілген еді. Ол екі жылға дейін рингке шыға алмауы мүмкін.
«Комиссияның шешіміне қарамастан, Геннадий 5 мамыр күні бәрібір айқасады. Тіпті, «Канело» спорттан шеттетілсе де. Мұндай жағдайда біз оған дейін ең жақсы курсты таңдаймыз, бірақ GGG 5 мамырға дайындалып жатыр. Біз Билли Джо Сондерсті немесе тағы басқа спортшыларды қарайтын едік. Бірақ, ол «Канело» болады деп үміттенемін. Егер олай болмаса, біз барлық нұсқаларды салыстырып, HBO және  MGM-мен (T-Mobile Arena  иелері) талқылаймыз», - деді Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында.

25 наурыз 2018 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031