» » Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес

Головкинді айыптай бастайтынын 5 жыл бұрын айтқан едім - Абель Санчес

 Қазақстандық Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Абель Санчес Sky Sports басылымына берген сұхбатында тәлімгерлерінің кез келген допинг тексерісіне дайын екенін айтады.  Ақпанның басында Головкин қарымта жекпе-жек өткәзу керек болған мексикалық Сауль "Канело" Альваретің қанына кленбутерол атты допинг табылған. Боксшының командасы мұны тамаққа қолданған еттің зақымдануымен түсіндірді.  "Бес жылдай бұрын Том Леффлерге (Головкиннің промоутері) Геннадийдің бокстағы жолында адамдар оны айыптай бастайтын кезең келгенін айтқам. Мен қажетті тестілерді өтуге өзіміз ынта білдіре алатынымызға көз жеткізгім келді. Менің залым олар қалаған кез келген тестке дайын. Алғашқы жекпе-жекте тест мерзімі 45 күн болған еді. Осы жолы 90 күн болуын қаладым, көрермендер тыйым салынған ештеңенің жоқтығына, біздің мүмкіндіктеріміз тең екеніне көз жеткіззсін деген ниетпен", - дейді Санчес.  Мұның алдында Санчес Альваресті тергеу толық тексеруді талап еткен. Өйткені Головкиннің қанынан допинг табылған жағдайда мексикалықтың командасы жекпе-жектен бірден бас тартатын еді деген ой айтқан.  Головкин - "Канело" қарымтасы 5 мамырға белгіленген. Өтетін орны ретінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасы тағдалған. Әзірге жекпе-жекті шегеру немесе болдырмау туралы ресми хабар болған жоқ. 

14 наурыз 2018 ж. 1 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031