» » ПСЖ "Барселона" ойыншысы үшін 270 миллион еуро ұсынды

ПСЖ "Барселона" ойыншысы үшін 270 миллион еуро ұсынды


Мәлімет көзінің ақпаратынша, париждік команда 26 жастағы ойыншыға әлемдік футбол үшін рекордтық сомма - 270 миллион еуро ұсынбақ. Алайда клубтар арасында трансфер жайында ешқандай келіссөз жүрген жоқ. ПСЖ өкілдері ұсынысты футболшының өкіліне жолдады.

Коутиньо "Барселонаға" биыл қаңтарда "Ливерпуль" сапынан 125 миддион еуроға ауысқан болатын. Оның каталониялық клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген. Келісімшарттан бас тарту құны 400 миллион еуро.

Өткен маусымда Коутиньо Испания чемпионатында 18 матч өткізіп, сегіз гол салды және бес нәтижелі пас шығарған. 2018 жылғы чемпионатта ойыншы Бразиялия құрамасы сапында ширек финалға дейін жетті.

2017 жылдың жазында Неймардың өкілдері "Барселонамен" келісімшарттағы опция арқылы оны 222 миллион еуроға сатып алған. Осыдан кейін бразилиялық еркін агент ретінде ПСЖ клубына көшті. 
10 шілде 2018 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031