» » ПСЖ Роналду үшін қанша еуро ұсынбақ?

ПСЖ Роналду үшін қанша еуро ұсынбақ?


«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду ПСЖ ойыншысы атануы мүмкін, vesti.kz.Париждік клуб Роналдуға қыруар қаржы ұсынбақшы. Дәлірек айтқанда ойыншыға жылына 60 млн еуро төлеуге дайын. Оның үстіне «Алтын доп» иегерімен бес жылға келісімге отырмақшы.
Алайда бұл трансфер орын алуы үшін ПСЖ бірнеше ойыншысын сатуға тура келеді. Олай болмаған жағдайда париждік команда қаржылық фэйр-плей қағидасына қарсы келген болып шығады. Сондықтан алдағы жазда ПСЖ қатарынан Лукас Моура, Анхел Ди Мария, Хавьер Пасторе, Юлиан Дракслер, Хатем Бен-Арфа және Тиаго Силва сынды ойыншылар кетуі мүмкін Естеріңізге салсақ, ПСЖ өткен жазда Неймарды 222 млн еуроға сатып алып, футбол тарихындағы ең үлкен трансферді жүзеге асырған.
06 қаңтар 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031