Бәріне ұқсайтын және ешкімге ұқсамайтын
«Злотий». Бұл не сөз өзі, нені білдіреді деп ойлап тұрған шығарсыздар? Мағынасы мынадай, бұл Польша ұлттық ақша бірлігінің атауы. Бұл атауды бір ойынның өзінде қаһарман атанып, ұлт мақтанышына айналған Польша ұланы Роберт Левандовскиге айтылған теңеу. Чемпиондар лигасында «Реал» клубына жауапсыз 4 гол салу деген оңай емес екені баршаға белгілі. Осыған дейін танылып келген жас ойыншы «Реал» қақпасына 4 гол соққан соң бірден атағы жер жарды. Бұған дейін Роберттің ойыны, өмірі ешкімге қызық болмаған. Сол себепті бүгін назарларыңызға Левандовскидің футболшылық мансабындағы маңызды 10 жайтты ұсынамыз.
Роберт Левандовски спортшылар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі – Кшиштоф дзюдо мен кәсіби түрде жаттығып, уақытында Польша чемпионы атығын жеңіп алған. Анасы және қарындасыволейболға көңіл бөлген.
Роберт Левандовскидің үлкен футболдағы алғашқы қадамына куә болған Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Радослав Маевски сол күндерді былай еске алады: «Оның бірінші жаттығуға қалай келгені жақсы есімде. Роберттің жүгіруінде қандай да бір өзгешелік бар еді» «Знич» клубының сол кездегі бас жаттықтырушысы Михал Херман бұл пікірді былай түсіндіреді: «Роберттің бір аяғы екіншісінен сәл қысқа, сол себепті ақсаңдап жүретін еді. Оған жұрттың бәрі күлетін. Алғашқы жаттығуда 5 мүмкіндіктің біреуінде пайдалана алмайтын. Бірақ ол өз мақсатына жетпегенше жаттығуды тоқтатпайтын еді».
Роберт Левандовски – қосалқы құрам ойыншысы. Қазір бұлай ойлау мүмкін емес. Бірақ футболшының Германиядағы карьерасы дәл осылай басталды. Жолы болған күндері шабуылшы 10-15 минут ғана алаңға түсетін. Лукас Барриостей жетекші шабуылшымен бірге ойнау оған ыңғайсыз еді. Бірақ Барриоспен бәсекелесу қажет болмай қалды. Лукас ауыр жарақат алған соң, польшалық футболшы үлкен сахнаға шықты. Алғашқыда жасыл алаңда, сонансоң жанкүйерлердің өзіне деген мейірімін оятты.
4. Левандовски «Боруссия» сапындағы алғашқы голын «Рур дербисі» де тойлады. 2010 жылдың 19 қыркүйегінің кешінде «Дортмундт» «Фелтинс Арена» да «Шальке-04» -тің «парша-паршасын» шығарды. Бұған дейін «Қара-сарылар» 5 жыл ішінде бұл алаңда жеңіс не екенін білмей келген еді.
5. Бәріне ұқсайтын және ешкміге ұқсамайтын. Роберт өзінің жасыл алаңдағы және клубтағы маңыздылығыншамалап көруге ешқашан уақыт таппайтын. Бұл жұмысты басқалар амалсыз асыратын. Мәлім болуынша ол сияқты жылдам, ақылды және өткір шабуылшылар көп емес екен.
Левандоскидің өз еліндегі атағы әжептәуір еді. Оны ұлт мақтанышы ретінде көкке көтеруші еді. «Боруссия» Д. сапындағы әртүрлі суреттері журнал мұқабаларына әрдайым рең беріп тұратын. Оның карьерасы мен жеке өмірі жайлы жазу әрбір газет үшін парыз еді. Соңғы 2 жыл ішінде Варшавадағы перзентханаларда өмірге келген сәбилерге қойылап жатқан есімдердің арасында ең танымалы Роберт. Бір спортшы айналасындағы бұндай жағдайлар Польша 30 жылдан соң енді қайталанып тұр. Соңғы рет бұндай құрметке Збегнев Бонек ие болған.
Польша ұлттық құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Франтишек Смуда атына сын: «Мен Евро-2012 аясында және турнир кезінде арыз қылуды жөн көрмедім. Бірақ құраманың Австриядағы оқу-жаттығу жиынында шамадан тыс қинап жіберді. Тіпті клубтарда да маусым арасындағы жаттығу бұндай ауыр өтпейді. Ресеймен өткізген ойын кезінде керемет жағдай орын алды. Яғни жаттықтырушы соңғы уақыттарда тактиканы өзгертіп жіберді. Өз үйімізде болып өткен турнирде бұншалық нәтижесіз ойнағанымызға бірінші жаттықтырушы кінәлі, деп ойлаймын». Левандовски көңіліне келген сөзді еш жерде жасырып қалмай тіке айта салады. Бірақ бұндай әдеттер оған кедергі келтіруі ғажап емес. Ал, қазірше бәрі ойдағыдай.
Роберт Левандовски – УЕФА-ның таңдауы бойынша бундеслиганың 2011/2012 жылдардың ең үздік футболшысы. Негізі бұндай құрметке сұрмерген футболшылар лайық көрінетін. Бірақ өткен маусымда Роберт көп көзге түскен жоқ. Солай болсада ойындарда керемет әрекеттері мен көзге түсе білді. Дұрыс, маусымда Марио Гомес және Хунтелар одан озып кетті. БірақРоберт әріптестері арман қылатын гол соқты. Бұл чемпиондықты белгілеген гол еді.
Германия кубогы – 2012 финалындағы «Хет-трик». Сол ойынға дейін «Бавария» ешқашан 5 рет ойынды алаңның ортасынан бастамаған. Тіпті өте жаман спорт формасында болған кезде де Мюнхен суперклубы бұндай нәтиже көрсетпейтін. Барлығы 2012 жылдың 12 мамыр кешінде орын алған. Роберт Левандовски Мануэль Нойерді 3 рет қапы қалдырды. «Дортмунд» болса өз тарихындағы қымбатты жеңіске жетіп (5:2), мемлекет кубогын басынан жоғары көтерді.Жазда Левандовски өзінің Дортмундттағы үшінші жылын тойлады. Әрине басқа клубқа ауысып кетпесе. Осы қысқа уақыт ішінде футболшының бағасы 4,5 есе қымбаттады. Бірақ, бұл жағдай не «Бавария» не «МЮ» ді шошытқан жоқ.
Левандовски жалғыз!
Чемпиондар лигасы тарихында осы күнге дейін жартылай финалдың бір ойынында 4 гол соғу ешкімге нәсіп етпеген. Демек, польшалық шабуылшы ең алғашқы футболшыға айналды. Негізінде, Роберт ЧЛ-ның негізі раундттарында «покер» немесе «флэш» жасаған футболшылар арасында 10-шы болып тіркелді.