» » Мәресіне жетті

Мәресіне жетті


Байқоңыр қаласында Елбасы жүлдесіне арналған VI облыстық халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті. Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Байқоңыр қаласының мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай алтыншы мәрте ұйымдастырылған спорттық бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда, барлығы мыңнан аса спортшы бақ сынасты.
Спорттың 12 түрі волейбол, стрит воркаут, жағажай волейболы, стритбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір спорты, қол күресі, үстел теннисі, президенттік көп сайыс, асық ату нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген спортшылар үстіміздегі жылғы 21-25 қыркүйекте Ақтау қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін республикалық халықтық спорт ойындарына қатысады.
02 тамыз 2018 ж. 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031