» » Абель Санчес «Канелоның» артықшылығын айтты

Абель Санчес «Канелоның» артықшылығын айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес алдағы уақытта Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын реванш жайлы өзінің пікірін білдірді.
«Біз Том Леффер мен Golden Boy келіссөздерді жақын арада аяқтайды деген ойдамыз. Дайындықты бастауымыз керек. Головкин мен «Канелода» уақытша «тоқтау» болмақ. «Канелоның» жалғыз артықшылығы оның жастығында. Бірақ Геннадийдің тәжірибесі мол, онымен қоса әуесқой бокстан да тәжірибесі бар. Менің ойымша ол бұл үзілісті жеңіл өткереді. Жақын арада барлығы дайындыққа кіріседі», - деді Санчес Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. GGG барлық белбеуін сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екен айтты. Сонымен қатар, реванш Мексиканың «Синко де Майо» ұлттық мерекесі күні, 5 мамырда өтуі мүмкін екені хабарланған болатын.
04 қаңтар 2018 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031