» » КӨКПАРШЫЛАР ҮМІТТІ АҚТАМАДЫ

КӨКПАРШЫЛАР ҮМІТТІ АҚТАМАДЫ

    Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бесінші күні өз мәресіне жетіп, Қазақстан Ұлттық құрамасы 8 медаль еншіледі. Оның екеуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола медаль. Алдымен сайыстар ипподромда басталды. Қысқа аралықтағы ат жарысы құнан бәйгеде (1600 метр) Әділет Шынайдаровтың сәйгүлігі «Падиша Нури» қоланы қоржынға түсірді. Ал, 2400 метр қашықтықтағы ат жарысынан шабандоз Мерхан Бұлғынов «Дичато» арғымағымен алтын жүлдені иеленді. Қырғыздың орда (асық ату) ойынында қазақстандық асықшылар қола жүлдені иеленді. Жамбы ату спортында Тұлыбеков Абзал күміс, Айкөз Ерланхан қоланы иеленді. Бас жүлде Мажарстан мемлекетінің спортшысына бұйырды. Түріктің аба күресінде 65 келі салмақта Құрбанқұлов Әуесхан алтын медаль жеңіп алды. Тәжіктің гюреш күресінде 80 келі салмақ дәрежесінде қырғыз палуанымен күрескен Алмас Амалбек күміс медальді иеленді. Ал, 60 келі салмақта Әбікенов Елдос қола медальді қанағат тұтты. Сонымен қатар, аударыспақтан бес салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен бес спортшымыз да ертең өтетін ақтық бәсекеге жолдама алды. Финалда олар қырғыз палуандарымен кездеседі. Көкпаршыларымыз жартылай финалда өзбек спортшыларынан 4-5 есебімен жеңілді. Дүйім жұрт көкпардың финалында Қазақстан мен Қырғызстандық көкпаршыларды күткен еді, алайды біздің тарландар үмітті ақтамады. Бесінші күннің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан қоржынында 13 алтын, 17 күміс және 22 қола медаль бар.

11 қыркүйек 2018 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031