ҚАЗАҚ ВОЛЕЙБОЛЫНЫҢ АТАСЫ
Тарихта өз мамандығына деген сүйiспеншiлiктiң арқасында артына өшпес мұра қалдырған дарындар көп. Солардың қатарына Октябрь Жарылғаповты қосуға болады. Ол – қазақ спорты ғана емес, әлемдiк волейболдағы қайталанбас тұлғаның бiрi, волейболдағы ерекше құбылыс.
Әкесі Қыдырбай 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, хабарсыз кетеді. Бұл кезде Октябрь 6 жаста еді. Сол кездегі Өзбекстанның Янгюль қаласынан анасы екеуі Түркістанға көшіп келеді. Болашақ волейбол шеберiнiң балалық шағы Түркiстан қаласында өттi. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Октябрьдің спортқа деген құлшынысы ерекше болған. Алайда спорт институтына емес, 1949 жылы Алматы зоотехникалық малдәрiгерлiк институтына оқуға түстi. Күндiз-түнi жаттығу залынан шықпаған түркiстандық тастүлек жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысып, мамандардың көзiне түсе бастайды. Сол кезді еске алған Қыдырбек Рысбек: «Алаңқайда ойын болып жатқан кезде аузы ашылып, сілекейі шұбырып, кеткен допты жүгіріп барып әкеп жүрген балаға бапкердің көзі түсіп, атың кім дейді? Атым – Октябрь. "Октябрь" деп таңқалады жаттықтырушы. Кім болғың келеді дегенде мен волейболдан даңқты бапкер және КСРО-ның чемпионы болам дейді. Міне, баланың талабы осылай ұшталды» - дейді.
1956 жылы жаңадан құрылған «Буревестник» командасына қабылданды. 1955-1958 жылдары республика чемпионы атанды, Қазақстан құрама командасы мен «Буревестниктiң» жаттықтырушысы, капитаны әрi белдi ойыншысы болды. Октябрь бастаған оғландар алғашқыда төменгi лигада ойнағанмен, болашағы бар команда екенiн бiрден аңғартты. Одақ көлемiндегi байрақты бәсекелерде ерекше өнерiмен көзге түскен команда капитаны Октябрь Қыдырбайұлы 1961 жылы ең үздiк 24 волейболшының қатарына енiп, КСРО-ның спорт шеберi атағын алды. Октябрь Қыдырбайұлы 1962 жылдан бастап бапкерлікке ден қойды. Өзi тәмамдаған оқу орнында оқытушы, «Буревестник» командасында бапкер әрi капитан мiндетiн атқарды. Саңлақтың шәкiрттерi 1965 жылы кiл мықтылар өнер көрсететiн «А» тобында ойнап, 8-орынға ие болды. Волейбол сардары 1962 жылы Қазақ КСР-дiң, ал 1965 жылы КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы атағына ие болды. Ал Октябрьдiң «Буревестнигi» одақтың «менмiн» деген командаларын мойындата бастады. Алматылықтар 1966 жылы төртiншi, 1967 жылы үшiншi, ал, 1968 жылы күмiс жүлдегер атанды. Ал даңқты боксшы Әбдісалан бокс қолғабын кимей тұрып, Октябрьден тәлім алған. Бірақ бүйрегі боксқа бұрып тұрған Әбдісаланды Октябрь аға: "Әй, сен баланың жүрегің ана жақта екен, бара ғой боксқа" дейді. Жыл өткен сайын жоғары өрлеген команда 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, абыройды аспандатты. Бiрақ даңқты бапкерге шәкiрттерiнiң жеңiсiн көру жазбапты. Сол жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанындағы физкультура мен спорт жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары әрi «Буревестниктiң» бас бапкерi қызметiнде жүрген Октябрь Жарылғапов 1969 жылы 11 мамырда ауыр науқастан қайтыс болды. Бірақ ол спорттан қол үзбей тұрып, волейболды шәкірттеріне үйретіп кетті. Бапкердің жолын Жанбек Сауранбаев, Заңғар Жәркешевтер жалғады. Шәкірттері бапкерін «әке» десе, волейбол атасы атанған тұлға оларды «октябряттарым» деп еркелетіпті...

Нұрлан МЕҢДЯРОВ