Ұстаздар үміті ақталды

«Ең сүйікті пәнім математика. Пәнге деген қызғушылығымды шыңдап, бүгінгідей жетістікке жетуіме бірден-бір себепші сынып жетекшім әрі математика пәнінің мұғалімі Ғани Берінбаев. Ғани ағайдың сабақты түсіндіруі, оқушының түйсігіне жеткізуі ерекше. Сабырлығы мен білімділігіне, жұмысына деген жауапкершілігі мен мамандығына деген сүйіспеншілігі мені тәнті етеді. Менде ұстазым сияқты өз мамандығымның білікті маманы болғым келеді. Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінен экономист мамандығын меңгеруді жоспарлап отырмын», – дейді Еркін.
Еркін отбасындағы үш баланың ортаншысы. Әпкесі Дана Жолмырзаева №249 мектеп-лицейді үздік аттестатқа бітіріп, тестілеу сынағында 125 баллдың 115-ін жинаған. Қазір Алматыда Қазақ ұлттық университетінде «Шет тілі» мамандығы бойынша жоғары білім алуда. Ал қарындасы Ақерке №249 мектеп-лицейдің оқушысы. Алтын белгіге үміткер. Әкесі Қазбек теміржол саласында жұмыс істесе, анасы Қалдыгүл Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп мұғалімі.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ