» » Биыл жылдың ең үздік спортшысы атағы кімге бұйырады?

Биыл жылдың ең үздік спортшысы атағы кімге бұйырады?

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Ұлттық спорттық жүлде - 2018 үміткерлеріне дауыс беру жалғасып жатқанын мәлім етті. Жанкүйерлер өзінің сүйікті спортшысына 19 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қазақстан ҰОК ресми сайты Olympic.kz арқылы дауыс бере алады. Дауыс беру тоғыз номинация бойынша жүзеге асуда.  «Жазғы спорт түрі бойынша үздік спортшы» атағына бірнеше спортшы қатысуда. Олардың арасында грек-рим күресінің шеберлері Айдос Сұлтанғали мен Нұрислам Санаев, велоспортшы Алексей Луценко, семсерлесу спортының шебері Дмитрий Алексанин, дзюдошы Ержан Серікжанов және жеңіл атлет Ольга Рыпакова бар. Ең көп дауысқа әзірге  Алексей Луценко ие. Оның еншісінде 7539 ұпай бар.   «Қысқы спорт түрі бойынша үздік спортшы» атағына үш спортшы үміткер. Олар - биатлоншы  Галина Вишневская, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева және Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева. Қазірге үш спортшыдан ең көп дауысты Юлия Галышева жинаған (2722). Ал «Үздік жас спортшы» аталымы бойынша бес спортшы сынға түсіп жатыр. Олар - боксшы Айбек Оралбай, көркем гимнастика шебері Алина Әділханова, суда жүзу спортынан Әділбек Мусин, дзюдошы Бекарыс Сәдуақас және байдарка мен каноэ есу спортынан Диас Бахраддинге дауыс бере аласыздар. Әзірге бұл аталым бойынша Әділбек Мусин 1725 дауыспен көш бастап келеді. Сонымен қатар «Жазғы спорт түрі бойынша үздік бапкер», «Қысқы спорт түрі бойынша үздік бапкер»,  «Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік ұлттық спорттық федерация», «Үздік спорттық аймақ» (облыстар мен респбуликалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы дене шынықтыру және спорт басқармасы), «Жыл таңдауы»,  «Жылдың үздік командасы» аталымдары бойынша да дауыс беруге болады. Қазақстан ҰОК екі айға жуық уақыт ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялардан өтінім қабылдап, Спорт дирекциясы үміткерлердің тізімін жасақтады. Байқау 2018 жылдың 4 желтоқсаны күні Ұлттық спорттық жүлдені салтанатты түрде табыстау рәсімінде қорытындыланады. Жүлденің телевизиялық нұсқасын «Qazaqstan» және «Qazsport»арналары көрсетеді.

27 қараша 2018 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930