» » КОРЕЯ. СӘТ САПАР

КОРЕЯ. СӘТ САПАР


«Мұз айдынында» облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен мәнерлеп сырғанаушы, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны қысқы Олимпиадада қолдау шарасы өтті.
2017 жылдың қорытындысы бойынша «үздік жас спортшы» атанған Элизабет Тұрсынбаева Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді. Аймақ басшысы жас спортшыға Олимпиадада жеңіске жетуіне тілектес екенін жеткізді және Сыр спортшыларының жетістіктерін атап өтті.
– Соңғы кездері Сыр бойының жас спортшылары спорт сүйер қауымды республикалық, халықаралық жарыстардағы жоғары жетістіктерімен жиі қуантып жүргені белгілі. Былтыр  қорытынды бойынша Сыр спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында 88 медальді иеленді. Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева 2016 жылы жасөспірімдерге арналған Олимпиада ойындарының, 2017 жылы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Шайбалы хоккейден командамыз Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдесін алды. Қысқы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапталады. Соның ішінде Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың қатарында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева еліміздің намысын қорғайды. Байрақты бәсекелерге Сыр өңірінен қатысатын спортшылардан үлкен үміт күтеміз. Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Элизабет қызымызға Сыр жұртшылығы атынан  сәттілік тілейміз. Сыр спортшылары, Алға! Тәуелсіз Қазақстанның Туы көкте желбіресін, - деді облыс әкімі.
Науқан барысында хоккейшілер, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар, оның ішінде мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары Алина Жанділдаева, Манас Бекташов, Жансая Есен және Элизабеттің ағасы Тимур Тұрсынбаев өнер көрсетті.  Атап өтетін жайт, аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатын халық санын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 7 елді мекенде: Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Сыр өңірінде 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткізу жоспарланған.

08 ақпан 2018 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031