Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құрамадан кетті
Әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. «Ішкі біріншілікте жоғары нәтиже көрсетпесе де біз Жәнібекті құрамаға алған едік. Алайда, ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауды жөн санады. Оған не себеп болғанын өзінен басқа ешкім білмейді. Қатарымыздан осындай тәжірибелі боксшының кеткендігі өкінішті, әрине»,- дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. Әзірше Әлімханұлының алдағы уақытқа жоспары бізге белгісіз. Десе де, оны кәсіпқой бокстан көріп қалуымыз ғажап емес.