«Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы республикалық деңгейде ұйымдастырылады
Алматы облысында бокстан өткен «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы болашақта республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ. Мұны аймақтарды аралап жүрген Парламент депутаттарына талдықорғандық жастар ұсынды. Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің бастаманы қолдайтынын жеткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірден шыққан 16 жас боксшының арасында өткен жарыстың жеңімпазы АҚШ-қа баруға жолдама алды. Егер бұл дода ел деңгейінде ұйымдастырылса, жеңімпаздың ұлттық құрама сапындағы саңлақ спортшылармен бірге жаттығуына мүмкіндік туады. Cерік Сәпиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – «Patriot Qazaqstan» жобасына қатысқан жас боксшылардың ұсынысын әрине қолдаймын. Аталған реалити-шоуды республикалық деңгейде өткізудің бірнеше жолы бар. Астанаға барған соң әріптестерімізбен ақылдасып, бір шешімге келеміз деген ойдамын. Бұл менің жаныма өте жақын тақырып болғандықтан, жүлдегерлерге қандай жолдама беру керектігін де іштей ойластырып қойдым. Жарыс жеңімпазы бір жыл бойы ұлттық құрама сапында жаттығу жасайды.
24.kz
24.kz