» » ӨРЕНДЕР ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ДОП ТЕПТІ

ӨРЕНДЕР ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ДОП ТЕПТІ


"Еуразия" спорт кешенінде "Қайсар" футбол клубының ұйымдастыруымен жеткіншектер арасында әлем чемпионаты өтті. Дәстүрге  айналған турнирдың мақсаты – 2009-2010 жылы туған  жөсөспірімдерді "Қайсар" футбол орталығына іріктеп, команда жасақтау және саламатты өмір салтын насихаттау. Әлем чемпионаты аясында жалауы желбіреген теңбіл доп додасына 6 команда бақ сынады. Жарыстың қорытындысында өткен жылдың жеңімпазы Аргентина құрамасы бұл жолы қоланы қанағат тұтты. Олар пенальти сериясында испандықтарды шаң қаптырды. Турнирдің ақтық сынында Франция мен Бразилия құрамалары шеберлік байқасып, екі доп басымдықпен алғашқысының мерейі үстем болды.  Турнир барысында өнегелі ойын өрнегін көрсеткен шебер футболшылар да марапат биігінен көрінді. Атап айтар болсақ: "Ең үздік қақпашы" – Елдос Қайыпназар (Испания), "Ең үздік қорғаушы" – Бірлік Базарбай (Германия), "Ең үздік жартылай қорғаушы"  – Ардақ Әбдікәрім (Қазақстан), "Ең үздік гол" – Саламат Ғалымжанұлы (Бразилия), "Сұрмерген" – Нариман Болатбек (Аргентина), "Ең үздік ойыншы" – Рзахан Русланұлы (Франция) атанды.  Жүлдегерлерге медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ клуб тарапынан барлық қатысушыларға тәттілер үлестірілді.
21 ақпан 2019 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031