» » ФУТБОЛ ЕРЕЖЕСІНЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ФУТБОЛ ЕРЕЖЕСІНЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

  Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол ойынының ережесіне қатысты өзгерістер енгізді. Бұл туралы аталмыш қауымдастықтың ресми сайтында жарияланған. Бірінші ереже қолмен ойнауға қатысты. Егер гол соққан футболшы допқа қолын әдейілеп жанастырмағанның өзінде бұл ереже бұзушылық болып саналады. Яғни, доп ойыншының қолына қалайда тимеу керек. Екіншісі, алмастырылған ойыншы өзіне жақын алаң жиегінен сыртқа шығып кету керек. Қазір футболшылар өздерінің скамейкасы орналасқан алаң жиегі арқылы алмасады. Үшіншісі, шабуылдаушы команданың футболшылары айып добын орындау кезінде қорғанушы командамен бірге қабырға жасамайды. Бұл ретте олар бөлек қабырға жасау керек. Төртінші өзгеріс пенальтиге байланысты. Енді қақпашылар қақпа сызығында тек бір аяқпен ғана қозғалуға тура келеді. Сонымен қатар сары және қызыл карточкалар бапкерлерге де көрсетіледі. Егер олар тәртіп сақтамай, басқа да ережелерді бұзатын болса онда төрешінің бапкерді қатаң жазалауына мүмкіндік бар. Ал ойын барысында доп байқаусызда төрешіге тиіп кететін болса онда ойын қайта басталады. Аталған өзгерістер биыл жазда өз күшіне енбек. Абай Қазбекұлы

Толығырақ: aikyn.kz
04 наурыз 2019 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930