» » Мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енді

Мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енді

  ҚР Білім және ғылым министрі балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді.Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек-желтоқсан айы аралығында туған балалар осы жылы 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, олар жыл соңына дейін 6 жасқа толып үлгереді.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді», – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Бұрындары 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын өткізу керек болатын. Қазір ол талап алынып тасталды. Осы ережеге сай баланы 1-сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағым айтуға болады.
Құжаттарды 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қабылдайды.

29 мамыр 2018 ж. 2 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031