» » "ҚАЙСАР" ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ

"ҚАЙСАР" ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ТЕҢ ОЙНАДЫ

  Аптаның демалыс күндері футболдан ел біріншілігінің 4 тур ойыны аяқталды. Сенбі күнгі 4 ойында да алаң иелері жеңіске жетсе, жексенбіде өткен 2 ойын тең нәтижемен аяқталды.

«Қайсар» – «Астана» (0-0)
Осыған дейінгі 3 тур бойы ұпайдан шашау шығармай келе жатқан «Астана» Қызылордада «Қайсардың» табанды қарсылығына тап болды. Ел чемпиондарына қарсы ойнау кімге болмасын қиын. Сондықтан Стойчо шәкірттері бірінші минуттан сауатты ойнауға бел буды. Ойын басталысымен алғашқы шабуылды алаң иелері бастады. Ильяс Әмірсейтовтың қақпаға бағыттаған соққысы қорғаушы Марин Аничичке тиіп, доп кері серпілді. Бұл қауіпті шабуылдың алғашқы сәті болатын.
Ойын барысында қасқырлар қорғана жүріп, қарсы шабуылға жиі жүгінді. Сондай сәттердің бірінде Тигран Барсегян қарсылас қақпасын нысанаға алған. Дегенмен Ненад Эрич голдан аман қалдырды. Кездесудің екінші бөлігінде екі ұжым да гол соғудың амалын жасады. Бірақ алма-кезек ұйымдастырған шабуылдар қос қарсыласқа да нәтиже бермеді. Матч аяқталар тұста Асxат Тағыберген айып соққысын тамаша орындады. Алайда доп қақпа бағанасына тиіп, "Астананы" жеңілістен құтқарды. Осылайша кездесу 0-0 есебімен аяқталып, қос ұжым 1 ұпайдан еншіледі.

«Тобыл» – «Ақтөбе» (2-1)
Биылғы маусымды  минус 12 ұпаймен бастаған «Ақтөбе» бұл турда Қостанайдың «Тобылына» қарсылық көрсете алмады. Матч басталғаннан шабуылға лап қойған алаң иелері 34-минутта Азат Нұрғалиев пенальтиді сәтті орындаған соң есепте алға шықты. Осыдан соң қарымта шабуылға иек артумен болған Газзаев шәкірттері 80-минутта Максим Федин соққан голдан кейін есепті еселеді. Алайда ойын аяқталар тұста «Тобыл» қақпашысы Эмиль Балаев өрескел қателікке бой алдырып, Есен Жасановқа есепті қысқартуға «көмектесті».
«Ертіс»«Тараз» (2-0)
Осы маусымда жүлде үшін таласқа түсуге дәмелі павлодарлық футболшылар «Тараз» қақпасына доп соға алмады. Бірақ бұл «Ертіске» қажетті 3 ұпайды алуға еш кедергі болған жоқ. Ойынның 17 және 69-минуттарында қорғаушы Игорь Пикалкин мен қақпашы Самат Отарбаев өз қақпасына  автогол соғып алды.
«Ордабасы» «Жетісу» (1-0)
Алма кезек шабуылдармен өткен Шымкенттегі ойын тартысқа толы болды. Сондықтан болар ойынның тағдырын жалғыз доп шешіп кетті. Алаң иелері үшін жеңіс голын 72-минутта Жоао Паулу соқты.
«Қайрат»«Оқжетпес» (4-1)
Алматының «Қайраты» үшін де 4 тур сәтті өтті. Дегенмен, Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдаған Алексей Шпилевский шәкірттері небәрі 2-минутта гол жіберіп алған-ды. Айып соққысын керемет орындаған Санат Жұмаханов «Оқжетпесті» алға шығарған. Алайда, Адеринсола Эсеола (11, 27-минут) мен Раде Дугаличтің (44, 81-минуттардағы) дублі Қайратқа ірі жеңіс сыйлады.
 «Атырау» «Шахтер» (0-0)
«Мұнайшы» стадионының дайын болмауына байланысты «Атырау» 4 турдағы «Шахтермен» болатын ойынды «Астана-Аренада» өткізді. Екі ұжымда да ойын барысында гол соғатын мүмкіндіктер болғанмен, ойыншыларға дәлдік жетіспеді.
Бибарыс Ғалымұлы
13 сәуір 2019 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031