» » ФУТБОЛ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

   Футболдан ел  чемпионатының кезекті маусымы басталып, алғашқы тур нәтижелері ресми түрде тіркелді. Маусымның алғашқы голын «Жетісу» ойыншысы Абылайхан Махамбетов «Оқжетпес» қақпасына соқты.  Маусымның беташар ойынында жұрт күтпеген нәтижелер тіркелді. Соның бірі Қызылордада орын алды. «Атырау» Сыр алаңына қонаққа барып, «Қайсарды» сан соқтырып кетті.  Кездесу басталысымен екі ұжым да шабуылға бет алды. Ойынның 2 минутында қонақтар оң қапталдан ұтымды шабуыл ұйымдастырды. Айып алаңына бағыттаған допты Дәурен Мәжитов сәтті орындап, есеп ашты. Мұнан кейін, қасқырлар тайлы тұяғымен шабуылға шығып, есепті теңестіруге бет алды. 20 минутта Тигран Барсегянның қақпаға шірене тепкен добы маңдайшадан кері серпілді. Артынша Асxат Тағыберген де алыстан қақпаны нысанаға алған. Дегенмен доп қақпа бағанасына тиіп, есеп өзгеріссіз қалды. Кездесудің екінші жартысында қасқырлар түбегейлі ойынды қолына алды. Стойчо шәкірттері "Атырау" қақпасын қанша торуылдаса да есеп өзгеріссіз қалды. Қорытынды есеп 0-1.
"Қайсар" - "Атырау" 0-1
Гол: Мәжитов 2
Ескертулер: Джошуа (6), Пуношевац (42), Морочкин (90) – "Қайсар": Шабаев (19), Қалмұратов (58), Ткачук (82) -"Атырау"
Алаңнан қуылған: Сергиенко (90+2) – "Атырау"
"Қайсар" : Исламқұлов, Граф, Ламанж, Барсегян, Пуношевац (Зенькович), Джошуа, Әмірсейітов, Байжанов (Хайруллин), Морочкин, Нәрзілдаев, (Оливейра), Тағыберген
"Атырау" Логиновский, Загинайлов (Радионов), Жунич, Аблитаров, Кубик, Бьедов (Кайраллиев), Филипович, Мәжитов (Ткачук), Шабаев, Қалмұратов, Сергиенко
Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Алғашқы он минут ішінде қауіпті сәттер мүлде болмады. Алаң иелері содан кейін барып допты көбірек ұстап, басымдығын көрсете бастады. «Қайрат» академиясының түлегі Рифат Нұрмұхамет алаң ортасына шіріне теуіп Самат Отарбаев қорғаған қақпаға гол соқты. Есеп ашылған соң ойын барысы қайтадан саябырси түсті. Екінші таймда бірнеше ойыншылар алаңға алмасып, матч көркін келтіре түсті. «Таразды» қарымта шабуыл кезінде ұстап алған алматылықтар есепті еселей түсті. Швырев Әбікенге пас беріп, Айбол алыстан соққы жасап, әдемі голдың авторы атанды. «Тараз» бұл ойында ең болмаса бір гол да соға алмады.
«Ордабасы» мен «Шахтер» арасындағы кездесу 3:0 есебімен шымкенттік команданың пайдасына шешілді. Кездесудің 71 минутында Жоао Паулу командасын алға шығарды. Артынша  "Ордабасының" оңтүстікафрикалық легионері Маxлангу есепті еселеді. Ойынның бітуіне санаулы минуттар қалғанда Жоао Паулу қақпашымен бетпе-бет шығып, Шацкийдан айласын асырып кетті.
Елордалық «Астана» болса, маусымды өте сәтті бастады. Команда 3 наурыз күні «Қайратпен» суперкубокқа таласып, 2:0 есебімен жеңгені белгілі. Премьер-лигадағы алғашқы кездесуінде де  «Ақтөбені» қабылдап, 4-1 ұтты. 2 минутта қонақтарlың ойыншысы Абат Айымбетов  «Ақтөбені» алға шығарған. «Астана» өз-өзіне келе алмай қала ма деп едік, бекер екен. Марин Томасов айып добынан таразы басын теңестіре салды. Одан кейін де елордалықтар жылдам шабуылдарын жалғай берді. Бұрыштама кезінде Юрий Логвиненко бұрынғы командасына гол соғып, қуанышын сыртқа шығара қоймады. Сосын сол Томасов алыстан соққы бағыттап, Игорь Трофимецті қапыда қалдырды. Екінші таймда есепте алға шыққан «Астана» сабырлы ойнап, «Ақтөбеге» біраз мүмкіндіктер берді. Ал қорытынды нәтижені Брий Перцух тіркеді.
 Турдың ең қызықты ойыны Қостанайда өтті. Көктемнің алғашқы айларында қалың қарды күреп қойып, доп ойнайтын заман артта қалды. Қостанайда ашылған су жаңа «Тобыл Арена» жақсы ойын көрсетуге себеп болды. "Тобыл" ойыншылары шабыттанып 17 минутта есеп ашты. Азат Нұрғалиев Никита Калмыков қақпасына допты дөп түсірді. «Ертіс» қарманып жатқанда, «Тобыл» тағы бір ауыр соққы берді. Азат Нұрғалиев есепті еселеп тастады. Екінші таймда ойын тең өтті десек артық емес. «Ертіс» қос қапталдан жиі шабуылға шықты. Бірақ гол соғуға келгенде осалдық танытты. Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда Ники Кверквескири Бауыржан Тұрысбекке пас шығарды. Бауыржан чемпионаттағы алғашқы голын салып, ойынның нүктесін қойды Бір қызығы, бұл матчқа Ертіс бапкері Димитар Димитров келе алмапты. Оның орнын бұл матчта көмекшісі Петар Колев басты.
Осылайша, бұл турда тең нәтиже тіркелген жоқ. Турнир кестесінің алдыңғы алтылығы 3 ұпайдан иеленсе, кейінгі алтылық әзірге 0 ұпаймен тұр.
2 тур ойындары 15 наурызда өтеді:
"Қайсар" – "Жетісу"
"Астана" – "Оқжетпес"
"Ордабасы" – "Ақтөбе"
"Қайрат" – "Шахтер"

Ерасыл ШӘРІБЕК
14 наурыз 2019 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031