КАРАТЭШІЛЕР КӘРІ ҚҰРЛЫҚТА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады. Аталған оқу-жаттығу жиыны «К-1 Premier League Rabat open» рейтингілік турнирінің қарсаңында өтуде. Аталған Премьер Лига турнирі олимпиадалық рейтингте 100 пайыз ұпай жинауға мүмкіндік береді. Бірлескен-оқу жаттығу жиынына Қазақстан атынан 10 спортшы қатысуда. Олар: Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі);«К-1 Premier League Rabat open» турнирі 17-22 сәуір аралығында өтеді. Ал жаттығу жиындары 17 сәуірге дейін жалғасады.
