» » Футболдан Қазақстан чемпионы 36 жасында көз жұмды

Футболдан Қазақстан чемпионы 36 жасында көз жұмды

  Нигерия құрамасы мен "МЖСШМ-Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы Ифеани Чиджине 36 жасында көз жұмды.

Нигерияның футбол қауымдастығы твиттер желісі арқылы футболшының отбасына көңіл айтты. BBC ақпаратынша, созылмалы дерт өлімге себеп болған.

Карьерасында Чиджине әлем чемпионаттарында үш рет ойнады (1999, 2003 және 2007), ал 2000 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарына қатысты. 1999 жылы 16 жасында ол әлем чемпионатының ең жас қатысушысы болды. Құрама үшін 68 матчта форвард 16 гол салған.

Клубтық деңгейде Чиджине, Нигериядан тыс америкалық "Индиана", финляндиялық "КМФ Куопио" мен "ПК-35 Вантаа", ресейлік "Звезда-2005" және қазақстандық "МЖСШМ-Қайрат" сапында ойнаған.

2012 жылы Чиджине алматылық командамен бірге ел чемпионы болды, ал 2013 жылы Чемпиондар лигасының "Арсеналға" (1:7, 1:11) қарсы матчтерге қатысқан.
27 тамыз 2019 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930