» » ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ БАПКЕРЛЕР ДАЙЫНДАЛМАҚ

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ БАПКЕРЛЕР ДАЙЫНДАЛМАҚ

Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен ЖОО ректоры Ерлан Сыдықов кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    Кездесуде Еуразия ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында «футбол жаттықтырушысы» мамандығын енгізу мәселесі талқыланды. Екі жылдық дәрістен кейін студенттер өз мамандығын таңдай алатын болады. Әрі қарай тағы екі жыл спорттың осы түрінен терең білім меңгереді. Ал бұл өз кезегінде футбол жаттықтырушысы болып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
    «Бұл жақсы бастама. Осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Футбол - бұқаралық спорттың ең көп таралған түрі. Осындай жаңа бастамалардың арқасында білікті жаттықтырушы-оқытушылар шығады. Жас өрендердің атақты футболшы болуды армандайтыны ешкімге құпия емес», - деді университет ректоры Ерлан Сыдықов.
    Өз кезегінде Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин осы идеяның жүзеге асуына еліміздің бас футбол мекемесі барынша қолдау көрсететінін атап өтті.
    «Қазақстан Футбол федерациясының Техникалық орталығында осы мамандық бойынша университет кафедрасының оқытушыларын дайындауға барлық жағдай жасалған. Біздің федерация отандық бапкерлерді әрдайым қолдайды. Ал бұл идея - тек бастамасы ғана. Келешекте футбол жаттықтырушысы атанатын университет түлегі дәрісін жалғастырып, жаттықтырушылар категориясын алуды қалайды. Ал олардың осы ойын жүзеге асыруға барлық мүмкіндігі болады», - деді Азамат Айтқожин.
    Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясы еліміздің білім беру мекемелерінің бастауыш сыныптарында өскелең ұрпаққа футболдың қыр-сырына игеруге мүмкіндік беретін футбол сабағын енгізді. Бұл жобаны еліміздің сегіз өңірінен 215 мектеп қолға алды.

19 қаңтар 2018 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930