» » Жерар Гоу «Қайратқа» қайта орала ма?

Жерар Гоу «Қайратқа» қайта орала ма?

Өткен маусым аяқталысымен «Қайрат» клубынан кеткен ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу алматылық командаға қайта оралуы мүмкін.
Ойыншы мен оның агенті «Қайрат» клубымен келісімге келуге дайын көрінеді.
Кейбір дереккөздер Гоу алматылық командада жылына екі миллион еуро көлемінде айлық алып тұрғанын жазған.
Былтырғы маусым аяқталысымен «Қайраттан» кеткен Гоу еркін агент ретінде жаңа команда іздеген. Алайда әлі күнге дейін ешбір клубпен келісімге келе алмады. Өз кезегінде «Қайрат» та Қазақстан біріншілігінің соңғы үш маусымында үздік сұрмерген атанған шабуылшыны алмастыра алатын ойыншы таба алған жоқ.
Гоу мен алматылық команда келісімге келіп жатса, шабуылшы 23-қаңтарда басталатын «Қайраттың» Түркиядағы жиынына келіп қосылуы тиіс.
Бүгін Жерар Гоу өзінің инстаграм парақшасында: «Жігіттер, сендерді сағынып жүрмін. Командамда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. «Қайрат» осы маусымда чемпион болуы қажет. Біз – біргеміз!», - деген жазба қалдырған.
22 қаңтар 2018 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930