ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАН ПРИДЕ «АЛТЫН» АЛДЫ

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айланымда қосылып, алғашқы қарсыласы словениялық Дэвид Старкелден басым түсті. Өзінің екінші белдесуінде марокколық Джэви Мохаммедтен айласын асырған отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда татами иесі Ясин Моудатирді иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық дзюдошылар Мароккодағы Гран При кезеңінде өнер көрсететіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.