» » Спорттық сайыс жеңімпаздары марапатталды

Спорттық сайыс жеңімпаздары марапатталды

  «Қала күні» мерекесіне орай тұрғындар арасында белтемірге тартылу және доппен өнер көрсету сайыстары ұйымдастырылды.  Екі күнге жоспарланған бұл жарыстарға барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Оның ішінде білек күші сынға түскен сайыста 30-дан астам азамат бақ сынап, спорттық дайындықтарын сарапқа салды.  
Онлайн форматта өткен белтемірге тартылу бәсекесінде бабы келіскен  Данияр Сәулембек үздік шықса, жүлделі екінші орын Рамазан Әбсадыққа бұйырды. Тұғырдың үшінші сатысына Данияр Тұрсынбекұлы көтеріліп, жеңіске деген жігері үшін Нұрлыбек Бейішбек, белсене қатысқаны үшін Дамир Әбутәліп марапатталды.
Қала жастарының басын қосқан доппен өнер көрсету яғни жонглирование  додасында теңбіл допты  ұршықша иіріп жүрген жастар шеберлік сынасты. Доп тебу мәнерінің үздік үлгісін көрсетіп, кәсіби машығымен ерекшеленген Мейіржан Әбішбеков бірінші орынды жеңіп алса, сайыстағы екінші орынды Әділбек Асылбекұлы иемденді.  Исатай Сайлау үздіктер қатарынан көрініп, Алдаберген Рақымжан мен Арман Жұмаш жеңіске деген жігері және белсене қатысқаны үшін номинацияларына ие болды.
Сайыс қорытындысында үздік шыққандарды жеңісімен және Сұлу Сырдың жағасында бой түзеген Қызылорда қаласының туған күнімен қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов құттықтап, жүлдегерлерге арнайы  алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, қала күніне орай жоспарланған мерекелік шаралар 26 қырқүйекке дейін өз жалғасын табатын болады.
 
Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

24 қыркүйек 2020 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031