» » Еркебұлан Аяғанов: Праймеризге қатысып, қолдаушыларымның бар екенін көру маған қанат бітірді

Еркебұлан Аяғанов: Праймеризге қатысып, қолдаушыларымның бар екенін көру маған қанат бітірді

  Елімізде биыл бірінші рет "Nur Otan" партиясының праймериз жобасы жүзеге асырылды. Жарқын болашақ үшін маңызды саяси науқанға қатысып, өз бағымды сынадым. Туған жерім Арал ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының 2564 мүшесі, яғни дауыс берушілердің 45%-ы маған сенім білдірді. Сенім артып, дауыс берген партияластарыма алғысым шексіз. Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған партияішілік іріктеуге белсене қатысқан барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін!Праймеризге қатысушылардың көбі еліміздің одан әрі дамуы үшін сындарлы ұсыныстар бере алатын мықты азаматтар. Соларды таңдау үшін алғаш рет өткізілген партияішілік іріктеуден өз білімі мен тәжірибесін халықтың игілігі үшін пайдалана алтын азаматтар өтеді деген сенімдемін. Себебі қазір нақты істердің уақыты келді. Халықтың ішінде жүрген, олардың проблемаларын жақсы білетін және шешуге барынша көмектесе алатын, халық өмірін жақсарту үшін барлық ресурстарын пайдалана алатын белсенділер науқаннан өтсе құба-құп. Қазір билікке нақты адамдар керек. Олар сөзбен емес, іспен өз жұмысын көрсетуі қажет.
Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Себебі қазір қиын жағдайларда қандай да бір мәселелерді тез шеше алатын және креативті тұлғалардың уақыты. Жастар - ілгерілеудің қозғаушы күші мен тірегі. Қазір жас кадрларларды басшылық позицияларына көбірек алып, нәтижелі жұмыс көрсетуде. Бұл мемлекет тарапынан дұрыс саясат. Өйткені, жастардың одан әрі ілгерілеуі үшін мүмкіндік пен тәжірибе беру керек.
Қазіргі таңда халықтан және проблемалардан аулақ болудың қажеті жоқ. Адамдармен кездесу, олардың проблемаларын сұрау, түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Олар жүгінетін мәселе бойынша пайда болатын нақты әрекеттерді қабылдау қажет. Қазіргі таңда әрбір жағдайға тез бейімделетін және бәріне дайын болатын азаматтар керек. Өз кәсібіне қарай әр салада жемісті жұмыс істеп жүрген белсенді жастар осы іріктеу арқылы жоғары мінберден көрініп, ел мүддесі жолында аянбай еңбек етуге ниетті және алға қойған мақсат-жоспарларын айқындап, оны жүзеге асыруға мүдделі.
Ел алдында еңсемді көтеріп тұрып, елдігімізді нығайту бағытындағы жоба, жоспарларыммен бөлістім. Мен үшін басты құндылық - адамдардың өмірі мен денсаулығы. Осы аламан додада мені қолдайтын, менің алған бағытымды мақұл көретін жақтастарымның, жанашырларымның бар екенін білудің өзі маған қанат бітіреді. Елімнің ертеңін жалғайтын жастардың бірі ретінде науқаннан тыс уақытта да мен алған бетімнен қайтпай, мемлекетіміздің гүлденуі үшін барымды салатын боламын.
ЕРКЕБҰЛАН АЯҒАНОВ 
праймериз қатысушысы, 
Қызылорда облысы, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы 
бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары.
06 қазан 2020 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031