Қызылордада мал ұрлаушы құрықталды

2020 жылдың шілде айында ауылға қарасты «Құмбөгет» мал жайылымында бағусыз жайылып жүрген 3 сиыры жоғалып кеткен. Кешегі күнге дейін өзі іздеп, нәтиже болмаған соң ауыл тұрығыны полицияға жүгінді.
Арыз негізінде аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда қаласында тұратын 46 жастағы азаматтың осы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Ол кінәсін толығымен мойындады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.