Ата-аналарға айыппұл салынды

Шара барысында тыныштықты бұзу және ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, заң шеңберінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұдан бөлек, карантин режимін бұзу деректері де орын алды. Мәселен қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 150 адамға арналған той өткізіліп жатқандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Сонымен қатар полицейлер қала аумағында орналасқан компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата-аналарына айыппұл салынды.
Аталмыш шара қазан айының соңына дейін жалғасады.