» » Карантин талабын бұзғандар 16 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

Карантин талабын бұзғандар 16 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

  Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарына 15 542 910 теңге айыппұл салынды.
Карантин талабын сақтамаған ойын-сауық орындары анықталды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарлауынша, заң бұзғандар жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапқа тартылды.
5 тамызға қараған түні мониторинг тобы полиция қызметкерлерімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен (ТҚСҚББ) бірлескен кезекті рейд кезінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан карантин режимін бұзу әрекеттерін анықтады.
«Бүгінгі мониторинг барысында қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Олардың көпшілігі жұмыс кестесін бұзу, жұмысшылар мен келушілердің маска тағу тәртібін бұзу, әлеуметтік қашықтық сақтамау сияқты әрекеттермен байланысты», – дейді Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.
«Мониторинг тобы аралау кезінде Есіл ауданында «Pei Zdes’ 31» лаундж-барында (ЖК «ORIENT-S») қызметкерлер мен қонақтар әлеуметтік қашықтық сақтамай, карантин режимін, маска тағу тәртібін бұзғанын анықтады. Аталған нысанның басшыларымен және әкімшілігі тарапынан түсіндіру жүргізіліп, әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін материалдарды тапсыру туралы хаттама жасалды», – деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Азаматтық қорғаныс орталығының бас маманы Әсет Абылғазиев.
Сонымен қатар Сарыарқа ауданында рейд кезінде мобильді топ «Нирвана» және «Угол 4/1» клубтарындағы карантин режимін бұзушыларды анықтады. 4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзғандар туралы 544 материал келіп түсті. Олар бойынша 124 жеке және кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапқа тартылды.
ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес, карантинді бұзған адамдар кінәсін мойындағандықтан, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған түрде қолданылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 15 542 910 теңгені болатын 63 әкімшілік айыппұл төленді.
"Айқын" ақпарат
05 тамыз 2020 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031