BIRGEMIZ QYZYLORDA

Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлар лагері өтті. Лагерьге 20-ға жуық волонтерлық жастар ұйымдары мен белсенді бастамашыл топ өкілдерінен барлығы 80 волонтер атсалысты. Мақсат – волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту.
Лагерде волонтерлар 3 топқа бөлініп, волонтерлік қызметте қажет ететін тәжірибелік, құқықтық, медиа білімін жетілдірді. І топ тренері Сабыржан Кеңшілік жергілікті және халықаралық деңгейдегі волонтерлік тәжірибелер туралы тренинг жүргізсе, ІІ топта «Волонтерлік ұйымдардың жұмысын құқықтық сауатты жүргізу» тақырыбында Жақып Шаймұханбетұлы құқықтық дәріс берді. Ал, ІІІ топ тренері Асхат Әбдіразақ волонтерлік қызметті өзгелерге насихаттауды заман талабына сай әлеуметтік желілерде жүзеге асырудың тиімді жолдарын талқылады. Әлеуметтік желіні қалай сапалы жүргізу, қажетті аудиторияны тарту жолдары, әдемі суреттер мен мәтін жазу сырлары және өзге де инстаграм фишкаларымен бөлісті.
Жобаның аясында волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топ өкілдерінің қатысуымен Тағзым алаңы маңында эко-акция жүргізілді. Қатысушылар мәдени және тарихи демалыс аймақтарында тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы қала жастарын тазалыққа және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырды. Қатысушылар сертификат алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Бекен Ғалымжанұлы
05 қараша 2020 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930