Олимпиада кестесі: 14 ақпанда жарыс жолына шығатын қазақстандықтар
14-ақпанда қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар кестесін ұсынады. Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша әзірленді.
Тау шаңғы спорты
Әйелдер. Слалом.
Мария Григорова қатысады.
Тікелей эфир: QazSport телеарнасы. Іріктеу 7:15-те басталады, екінші мүмкіндік: 10:45.
Конькимен жүгіру
Әйелдер. 1000 метр.
Екатерина Айдова қатысады.
Тікелей эфир: QazSport телеарнасы. Басталуы сағат: 16: 00.
Биатлон
Әйелдер. 15 шақырымдық жекелей жарыс.
Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова қатысады.
Тікелей эфир: «Қазақстан» телеарнасы. Басталуы: 17:05.
Еске сала кетсек, 11 ақпанда могулшы Юлия Галышева қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 12 ақпанда финалдық сында могулшылар Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд 7-8-орынды қанағат тұтты. 13 ақпанда шорт-трекшілеріміз іріктеу сынынан өте алмады.