» » Олимпиада кестесі: 12 ақпанда кімдерден медаль күтеміз?

Олимпиада кестесі: 12 ақпанда кімдерден медаль күтеміз?

Назарларыңызға 12 ақпанда қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар кестесін ұсынады. Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша әзірленді.
Тау шаңғысы
Әйелдер. Алып слалом.
Мария Григорова қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT және “Хабар” телеарналары. Басталуы: 7:15, 10:45.
Биатлон
Әйелдер. Із кесу жарысы, 10 шақырым.
Галина Вишневская мен Дарья Климина қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы. Басталуы: 16:10.
Биатлон
Ерлер. Із кесу жарысы, 12,5 шақырым.
Роман Еремин қатысады.
Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы.Басталуы: 18:00.
Фристайл
Ерлер. Могул. Финал.
Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков қатысады.
Тікелей эфир: "Қазақстан" телеарнасы. Басталуы: 18:00
Конькимен жүгіру. Әйелдер. 1500 метр.
Екатерина Айдова қатысады. Басталуы: 18:30.
Еске сала кетсек, 10 ақпанда шаңғы спорты, биатлон, шорт-тректен медальдар ойнатылды. Шаңғы спортынан үздік нәтижені 36-шы келген Анна Шевченко көрсетті. Биатлоннан Галина Вишневская отыздықты түйіндеді. Шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықта Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев, 500 метрге жүгіруден Анастасия Крестова іріктеуден аса алмады. Ал шана спортынан Никита Копыренко бірінші және екінші сырғанауда 35-ші және 38-ші орын алды.
11 ақпанда Игорь Закурдаев қатысуы тиіс тау шаңғысынан жылдамдықпен түсу сыны ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге шегерілді. Скиатлоннан өткен жарыста Виатлий Пукхало 34-ші, Евгений Величко 43-ші келді. Биатлоннан 10 шақырымдық спринтте ерлер жарыс жолына шықты. Қазақстан сапынан 43-орын алған Роман Еремин үздік нәтиже көрсетіп, із кесу жарысына жолдама алды. Владислав Витенко 79-шы, Василий Подкорытов 80-ші, Максим Браун 85-ші орынмен жарысты аяқтады. Шана спортынан Никита Копыренко үшінші сырғанауда 34-орын алды, алайда төртінші сырғанауға өтпеді. Фристайлдың могул түрінен Аяулым Әмренова екінші мүмкіндігін сәтсіз аяқтады. Финалға шыққан Юлия Галышева Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

12 ақпан 2018 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031