» » Римде Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Римде Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Римде өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық орнату және алмасу бойынша Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының (ХЖТ) 8-ші отырысы өтті.
Қабылдаушы тарапты италиялық тараптың тең төрағасы — Италияның экономикалық даму вице-министрі Иван Скальфаротто бастады.
ХЖТ аясында инвестициялар саласында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров сөз сөйледі.
«Италия Еуропамен сауда айналымы бойынша басты серіктестердің бірі және жетекші инвестор екенін атап өткім келеді. Қазақстан мен Италия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қорытындысы бойынша $9,6 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 13,5%-ға артық. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамында. Бұл кедендік шекаралары жоқ сыйымдылығы 180 млн-нан астам адам болатын сыртқы тауар айналымы шамамен $1 трлн бірыңғай нарық. Сондықтан, мен Қазақстанды ЕуразЭҚ, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің үлкен нарықтарына шығу үшін өнім өндіруге арналған алаң ретінде қабылдауды ұсынамын», — деді Ерлан Қайыров.
Іс-шаралар барысында екіжақты ынтымақтастық жағдайын бағалаумен және Қазақстан-Италия өзара іс-қимылын одан әрі дамытумен байланысты басымдықты мәселелердің кең спектрі қаралды. Тараптар іскерлік және банк топтарының өзара іс-қимылын жандандыруды, құқықтық базаны, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мәселелерді талқылады. Екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалы бағыты мәдениет және туризм саласында ынтымақтастық орнату болып белгіленді.
17 ақпан 2018 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031