Қазақстан экспорты 30% өсті

Сонымен қатар, Қазақстан одақ елдеріне - 5,1 млрд теңгеге (өсім - 30,2%) тауар сатып, 12,2 млрд АҚШ долларына (өсім - 24,1%) тауар сатып алғанын атап өту керек.
Өткен жылы Ресейге 4,5 млрд АҚШ доллардың тауарын экпортталды (31,1% өсім), ал импортталған тауар - 11,4 млрд (өсім - 23,5% ) доллар болды.
Белоруссияға сатылған өнім - 95,5 млн доллар (өсім - 2 есе), ал сатып алынған өнім - 508,6 млн долларды (өсім - 50%) құрады.
Қырғызстанға экспортталған тауар - 503,2 млн АҚШ доллар (өсім 15,1%), елден импортталған тауар - 255,2 млн доллар (өсім 10,3%).
Сондай-ақ, Арменияға сатылған тауарлар 4,4 млн доллар (7,9 есе өсім) және сатып алынған тауарлар құны 4,6 млн доллар (өсім 4,1 пайыз) болды.