» » ЖАСТАР ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫСТЫ

ЖАСТАР ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫСТЫ

 Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік»  атты тарихи-танымдық шара өтті.  Бұл туралы «Рухани жаңғыру» орталығы хабарлады.
    Шара аясында «Табысқа жеткен тұлғалар» атты Қызылорда облысының өркендеуіне өз үлестерін қосқан  азаматтардың  жеке өмірінен фото-шежірелер, қоғамдық қызметтерінен естелік құжаттардан көрме ұйымдастырылған.  Көрмеге қатысушылар  видеороликтер арқылы танымал тұлғалардың отбасылық өмірінен, кәсіби біліктілігін  танытатын  еңбектерінен қызықты мәліметтермен  танысты.
    Сонымен қатар,  студент жастардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім - жетістіктер тарихы» атты TED форматтағы  ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы болды. Презентацияда  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты  жобаға енген Қызылорда облысының тұрғындарының 82 тұлғасы туралы танымдық-зерттеу жұмыстарының бейнематериалдары  ұсынылған.
    Көрмеге 2000 адам қатысты. Олардың арасында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылар мен жеңімпаздары, ұлттық қоғамдық орталықтардың өкілдері  болды.
19 ақпан 2018 ж. 1 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031