» » Жастар керуені

Жастар керуені


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі аясында облысымызға қарасты бірнеше аудан орталықтарына «Білім. Болашақ. Жаңғыру» атты облыс жастарының көшпелі керуені бастау алды.
Аталмыш көш керуен аясында Жаңақорған ауданына қарасты Аққорған ауылында, Шиелі ауданына қарасты Иіркөл, Нартай, Шиаға елді мекенінде, Қарашеңгел ауылында, Сырдария ауданына қарасты Қалжан Ахун ауылында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін «Жастар тәжірибесі», жас мамандарды баспанамен қамтитын «Дипломмен ауылға-2020», кәсіп ашуға бағыттайтын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасы кеңінен насихатталды.
Ал жастарды сергіту мақсатында облысқа және республикаға танымал әншілер өнер көрсетті.  Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының тұлға тану жоба аясында Жаңақорған ауданы Ақүйік ауылында аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Арман Мәжитов және  «Жаңақорған» жайдарман ойынының капитаны Есқара Бейбітов, Шиелі ауданы, Нартай ауылында аудандық өнер мектебінің директоры, Құрманбек Бекпейіс, Арал ауданы, Шижаға елді мекеніндегі кәсіпкер Райымбай Шолманбай және Сексеуіл кентіндегі №177 мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Базарбай Төрахметов, Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылындағы, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Тәңірбергенұлы, Қармақшы ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылындағы «Әзіл Әлемі» театрының әртісі Қанат Әлжаппаровпен кездесу ұйымдастырылды, Кездесу барысында, ауданға, облысқа танымал тұлғалардың өмірбаяны, әр сала бойынша жеткен жетістіктерімен бөлісті. Жастар шараға белсене қатысып, қызықты сұрақтар қойып, өнерлерін ортаға салды. Ал  логикалық сұраққа белсене қатысқан оқушыларға бағалы сыйлық табысталды.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930