АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АРАЛ ӨҢІРІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ
Симпозиум Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында ұйымдастырылуда.
"Біздің қызмет аясына Арал теңізін бұрынғы қалпына келтіру және экологиялық мәселелерін толық жою кірмейтіні құпия емес. Дегенмен, біз осы проблеманың қоршаған ортаға және осы аймақта әрі оның сыртында тұратын миллиондаған адамдарға жойқын әсерін жергілікті халық үшін әлеуметтік және экономикалық көмекті барынша арттыру арқылы азайта аламыз. Ендігі жұмысымыз аймақ тұрғындары үшін лайықты жұмысқа орналасып, үздік сапалы әлеуметтік қызметтерді алуға, өмірлерін жақсартуға көмектесу", - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ тұрақты өкіл Норимаса Шимомура.
Шараға Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Бұрын ауқымы жағынан әлемде төртінші орынды алатын Арал теңізі 2007 жылы өз көлемінен 10 есеге дейін қысқарып қалды. Теңіздің тартылуы үлкен проблемаға айналды, ал сол тартылған аумақ түгелдей шөлге айналды. Мұндай жағдай сол өңірде тұратын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетіні сөзссіз. Сарапшылардың айтуынша, 100 мыңнан астам адам басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болған және 5 миллион жан денсаулығынан айрылған.
"Арал теңізінің тартылуы салдарынан экологиялық апатпен қоса әлеуметтік-экономикалық проблема да белең алды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдегі экономикалық қиын жағдайға қарамастан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарапынан Арал проблемасына өлшеусіз қолдау көрсетілді. Құрғап бара жатқан теңіздің қоршаған ортаға кері әсерін азайту үшін және Арал теңізінің Қазақстандағы аумағының мәселелерін шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Аралды құтқаруға бағытталған шаралардың ең үздігі, халық арасында "Ғасыр жобасы" аталып кеткен "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал бөлігін сақтау" жобасы болатын. Бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асты", - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
"Қазақстан Арал теңізін құрғауы салдарынан болатын проблемалармен күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді", - деп атап өтті Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ тұрақты өкіл Норимаса Шимомура.
Өз зерттеулерін негізге ала отыра, БҰҰДБ барлық саланы қамтитын аймақтық экономиканы қарқынды құруға, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және тұрақты қоршаған ортаға нәтижелі өтуге халықаралық үйлесімді жауап беру мақсатында ықпал ету қажет деп санайды.
БҰҰДБ аймақтың ең өзекті мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Оның нәтижесінде Арал өңірі тұрғындарының өмір сұру жағдайын жақсарту үшін сапалы әлеуметтік және экономикалық қызмет алулары қажет екенін анықтады. "Біздің қызмет аясына Арал теңізін бұрынғы қалпына келтіру және экологиялық мәселелерін толық жою кірмейтіні құпия емес. Дегенмен, біз осы проблеманың қоршаған ортаға және осы аймақта әрі оның сыртында тұратын миллиондаған адамдарға жойқын әсерін жергілікті халық үшін әлеуметтік және экономикалық көмекті барынша арттыру арқылы азайта аламыз. Ендігі жұмысымыз аймақ тұрғындары үшін лайықты жұмысқа орналасып, үздік сапалы әлеуметтік қызметтерді алуға, өмірлерін жақсартуға көмектесу", - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ тұрақты өкіл Норимаса Шимомура.