» » «Жас Отан» орталық кеңесіне жаңа мүшелер қабылданды

«Жас Отан» орталық кеңесіне жаңа мүшелер қабылданды

Жасотандықтар Орталық кеңес мүшелігіне үміткерлердің үздіктерін анықтап, сайлау нәтижелерін жария етті.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтар күні «Жас Отан» тарихында алғаш рет ұйымның жоғары өкілетті органы – Орталық кеңес мүшелерінің ашық сайлауы жарияланған болатын. 1 айға созылған сайлау бойынша #jasotansailau хештегі 1 458 рет қолданылып, қатысушылардың видеоүндеуі 100 000-нан астам лайк жинаған. Телеграммда дауыс берген 38 857 адамның 14 467-сі «Жас Отан» құрамында.
Жаңа сайланған 16 көшбасшы 4 жыл бойы кеңес құрамына кіретін қалған 16 аймақтық филиалдардың төрағаларымен бірге жұмыс атқарады. Ал, Орталық кеңесті «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев басқарады.
«Орталық кеңес демократиялық жолмен сайланды. Айта кетсек, жастар саясатында бірінші рет онлайн дауыс беру болды. Бұл – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жасаған қадамдардарымыздың бірі. Әр аймақтың көшбасшысын жастар өздері анықтады. Әрине техникалық қосымшалардың көмегімен дауыс санын өзгертуге тырысқан үміткерлер болды, оларды дер кезінде анықтадық. Сайлаудың ашық және әділ болғанын сеніммен айта аламын. «Жас Отан» – ол сайланған көшбасшылар емес, – Қазақстанның барша жастары. Біз кез келген жастың ұсынысын тыңдап, бірге жұмыс жасауға дайынбыз», - деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев.


20 ақпан 2018 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031