» » Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тіркелді

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тіркелді

2018 жылдың 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының БАҚ-пен байланыс бөлімі мәлім етті.
Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлын ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды. Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Әшімбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.
ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Ашимбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.
Еске сала кетсек, 1 ақпанда Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор болып тағайындалған болатын.

05 ақпан 2018 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930