«ҚЫЗЫЛОРДА OPEN FEST» фестивалі өтті
2017 жылы 1 қазан күні «Урбан парк» орталығында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Сана" зияткер жастар мектебі" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «ҚЫЗЫЛОРДА OPEN FEST» фестивалі өткізілді.
Жоба барысында субмәдениет өкілдері - «Break dance», «Нip Нop», «Street workout», «Skate», «Parkour» жанрлары бағытында шұғылданып жүрген жастар арасында түрлі бағыттағы іс – шаралар ұйымдастыру жүктелген. Аталған санаттағы жастарды дамыту мақсатында мастер класстар, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарланған.Бұл бағытта шұғылданатын жастар саны Европа елдеріндегі жастарға қарағанда әлде – қайда аз болып тұр.
Фестиваль "I - TALKS" конференциясымен бастау алды. Конференция спикерлері - фестиваль қатысушылары – шығармашыл жастар, шақырылған арнайы қонақтар 10 минут ішінде өз жетістіктерінің тариxымен таныстырып, мотивация мен өз жолыңды табу жолдары туралы әңгімеледі.
Осы спорт түріне қызуғушылық білдіретін, спортпен шұғылданып жүргенжастар үшін Республикалық деңгейдегі арнайы қонақтардың шеберлік сабақтары жүргізілді. Parkour - Қорғанбек Нұрсұлтан Болатбекұлы (Алматы қаласы), BMX - Мади Оразалы, Breake dance, Hip hop – Салайдын Бауыржан (Қызылорда қаласы). Жастар алдағы уақытта осындай сабақтар көптеп қткізілсе деген оймен тарқасты.
Ғ. Мұратбаев атындағы орталық стадион жанындағы «UrbanPark» жастар паркінде «OpenFest» фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында «Street workout», «BMX», «SKATE», «Parkour» бағытындағы жастар арасында байқау өткізілді.
Арнайы «UrbanPark»спорттық паркінде байқауға қатысушылар өз бағыттары бойынша шеберліктерін дәлелдеп аталған спорт түрлерінен «Parkour» сайысы бойынша Исламбек Өмірсерік 1 орын, «Үздік әдіс» номинациясымен Пржанов Динар,«SKATE» сайысы бойынша Югай Артем 1 орын, «Үздік әдіс» номинациясымен Алмасбек Батырхан, «BMX» сайысы бойынша Даурен Бекенов 1 орын, «Үздік әдіс» номинациясымен Нурторе Алишер, «Street workout» сайысы бойынша Аманкеді Нұрбек 1 орын, «Үздік әдіс» номинациясымен Нұрмағанбетов Фарух марпатталды.Шараның қорытынды марапаттау кешіне арнайы субмәдениет өкілдері қатыстырылды. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Алдағы уақытта аталған жастардың қатарын көбейтіп, олардың шығармашылығын дамыту бағытында басқа да іс – шаралар ұйымдастырылып, арнайы бас қосулар жүзеге асатын болады.