» » Жастар жат қылықтан аулақ

Жастар жат қылықтан аулақ

  Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу мақсатында «Жібек жолы» ойын-сауық кешенінде Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Жастар жат қылықтардан аулақ болуға шақырады» атты ұранмен флешмоб өткізілді. Аталмыш шараға №235 К.Қаракөзов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.
Бұл шараның  мақсаты – жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілінсіз  беймезгіл уақытта  жүруін тоқтату, өзге де заң бұзушылық әрекеттердің алдын алу. Шарада оқушылар есірткі, темекі сияқты жат қылықтарға қарсы екенін, зорлық-зомбылықсыз өмірді қалайтынын би арқылы білдіріп, ұранды сөздер жазылған көрнекі құралдар арқылы жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. 
22 ақпан 2018 ж. 1 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031