» » » САЛАМАТТЫ ӨМІРДІ СЕРІК ЕТ

САЛАМАТТЫ ӨМІРДІ СЕРІК ЕТ


 «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», − деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында.  Денсаулықты қалыптастыру мен нығайтудың басты жолы − саламатты өмір салты.
Мектепте дене тәрбиесі сабағына зор ықыласпен қатысу − әрбір зерделі оқушының міндеті. Әйтсе де, пәннен сұрануға, ауырып тұрғанын сылтаулатып қатыспауға тырысатын оқушылар да бар. Алайда саламатты өмірді ұстану әрбір оқушыны жігерлендіріп қана қоймай, денсаулығына да зор пайдалы болуы керек. Баланың көп уақыты отбасында өтетіндіктен ата-ана да баласының бос уақытын оңашада телефонға телміріп өткізгенен, таза ауада серуендеп, отбасы мүшелерімен бірге жаттығу жасап, қозғалыста өткізуін қадағаласа қандай ғанибет. Кейбір ата-аналар үй ауласына балаға спортпен шұғылдануға қажетті алаң жасап береді. Тіпті қолы қалт етсе баласын ертіп арнайы спорт кешендеріне барып жаттығатындар да жоқ емес. Баланың қуанышы мен реніші, жеңіске деген құштарлығы мен жігері, батылдығы мен ептілігі, спорттық жаттығулар кезінде көрініс табады. Сыныптастарымен әсіресе жақындарымен жасаған әрбір жаттығулар мен спорттық ойындар кезінде баланың эмоциялық әсері, белсенділігі артады, ерік-жігері, ойлау қабілеті мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұшталады. Ерік пен мінез қасиеттері беки түседі. Ептілікке батылдыққа, төзімділікке, машықтандырады.
Әлсіз бала қайдан шығады? Үйде қимыл қозғалыс аз болса, мектепте де еріншектікке басып денешынықтыру сабағына қатысуға құлықсыздық танытады. Осыдан соң баланың саламатты өмірді серік етуі қиын. Оқушыларды ынталандыру үшін әрбір сабағымызды ойын түрінде, топтық сайыс ретінде ұйымдастырамыз. Әрбір балаға үнемі дене жаттығуларын жасауға дағдылану, дұрыс тамақтану қажет. Өмірде қарапайым ережелерді сақтау арқылы ұзақ та, белсенді өмір сүруге болады.
Болат АРСТАНБЕКОВ,
№271 орта мектептің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі.
04 қаңтар 2018 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031