» » Латын – тілдің жаңа белесі

Латын – тілдің жаңа белесі

   Таңбаның ауысуы  тіліміздегі көптеген түйінді мәселелердің оң  шешімі болатынына көз жеткіздік. Әуелі қазақша төл әріптерді диграфпен таңбаланған әліпби қоғамда қатты қарсылыққа ұшырады. Екінші рет өзгертіліп, латын графикасына өту туралы Президент Жарлығымен жарияланған апострофты нұсқаның да  қолдану барысында кемшіліктер сынға алынды. Ал бүгін латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострофтар алынып тасталып, өзгертулер енгізіліп, жаңа нұсқасы  көпшілікке ұсынылды. Мұнда да назар аударатын тұстар бар, НҺ таңбасымен  берілген  х, һ, Іі таңбасындағы і, и, й, дыбыстарын  ажырату қиындық тудыратыны  белгілі.  Кірме дыбыстарға арналған қосымша кесте дайындау назарға алыну қажет деп ойлаймын. Бастысы, шешім қабылданды. Тілші ғалымдардың көмегіне жүгіне отырып, қазақтың жаңа әліпбиін білім алушыларға үйрету,  емле ережелерін меңгерту  қиындық  туғызбайтыны анық. Ахмет Байтұрсынұлының:  «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген сөзін  назарға алып,  игілікті іске жұмыла кіріскеніміз абзал. Бұл болашақ үшін қажет.
Зауре  АЛТАЕВА,
Қ. Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
23 ақпан 2018 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031