» » » Жолдасбеков латын әліпбиі туралы: Халық соңғы нұсқаны көріп, сабасына түскен сияқты

Жолдасбеков латын әліпбиі туралы: Халық соңғы нұсқаны көріп, сабасына түскен сияқты

Қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пікір білдірді.
«Латын әліпбиіне көшудің уақыты келді. Алдымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бірден Парламенттің төрінде талқыланды. Бірақ бұрынғы әліпбидің көптеген кемшілігі болды. Кейін мамандар әліпбиді қайтадан қарады. Менің пікірімше, бұл әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек. Мұны саясатқа айналдырмау қажет», - деді қоғам қайраткері ОҚК-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, Елбасы аталған мәселеге назар аударып, халықпен ақылдасқанын атап өтті.
«Нәтижесінде өткен жылдың қазанында бұл әліпби бекітілді. Дегенмен оның кемшіліктері болды. Ноқаттар көбейіп кетті. Тіпті кейде бір сөздің өзінде 7 ноқат пайда болды. Бұл мәселе қайтадан қоғамда талқыланды. Мамандар аталған мәселеге араласып, кеше ғана қосымша Елбасының Жарлығы шықты. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі пайда болды. Оны көріп барлығы сабасына түсіп, өздеріне келген сияқты», - деді Мырзатай Жолдасбеков.
20 ақпан 2018 ж. 1 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930