КӨК ЖӘШІКТЕН ҚАТЕР КӨП
Ғалымдар теледидардың алдында көп отырудың денсаулыққа қатерлі жағын анықтады.Телевизорды ұзақ қарау вена тромбозы қаупін өсіреді. АҚШ-тағы Миннесота университеті ғалымдары осындай қорытындыға келді. Зерттеудің нәтижесі туралы Science Daily басылымы жазған, ол туралы РИА Новости қысқаша хабарлады.
Медиктер 24 жыл бойы 45-64 жас аралығындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылаған. Бұл уақыт ішінде олардың денсаулығы және өмір салты туралы үнемі сауалнама жүргізіп отырған. Осы кезеңде зерттеуге қатысқан 691 азаматан вена тромбозы табылған.
Телевизор алдында ұдайы түрде ұзақ уақыт өткізетін адамдардың бұл ауруға шалдығу қаупі 1,7 есе жоғары екені анықталды. Және тромбоз қаупі күшті адамдардың салмағы және физикалық қимыл-қозғалыс көлемі бірдей болған.

«Бұл нәтижелер көрсеткендей, үнемі физикалық жаттығу жасайтын адамдардың өзі қозғалыссыз ұзақ отырудың, оның ішінде көп уақыт телевизор қараудың зиянды жақтаруын ұмытпауы керек» дейді зерттеу авторларының бірі Ясухико Кубота.Вена тромбозы деп вена тамырларының ішінде тромбтардың пайда болуын айтады. Көбіне бұл өзгеріске аяқтың тамырлары ұшырайды. Ауру салдарынан өкпе тамырлары бітеліп қалуы мүмкін, уақытында емделмесе оның соңы өлімге апарып соғады.
Baq.kz