Жылдам ұйықтап, жақсы тынығудың үш тәсілі
Жақсы ұйқы – жақсы денсаулықтың кепілі. Алайда үнемі жақсы ұйықтауға мүмкіндік болмайды. Оның себебі көп. Күйзеліс, қатты шаршау, ішімдік және т.б. Жастыққа басыңыз тие сала тез ұйықтау және сапалы ұйықтау үшін бірнеше тәсілді білу керек. Назар аударыңыз
Терезенің қасында жұмыс істеңіз
Ғалымдар күні бойы терезе жанында отырып, табиғи жарықтың астында жұмыс істейтін адамдардың 46 минут ұзақ әрі жақсы ұйықтайтынын анықтаған. Сондай-ақ терезе жанында отырып ұйықтайтын адам өзгелерге қарағанда өнімді еңбек етеді.
Аяғыңызды көрпеден шығарып жатыңыз
Дереккөз: Новое время
Терезенің қасында жұмыс істеңіз
Ғалымдар күні бойы терезе жанында отырып, табиғи жарықтың астында жұмыс істейтін адамдардың 46 минут ұзақ әрі жақсы ұйықтайтынын анықтаған. Сондай-ақ терезе жанында отырып ұйықтайтын адам өзгелерге қарағанда өнімді еңбек етеді.
Аяғыңызды көрпеден шығарып жатыңыз
Сарапшылар адамның көрпеден аяқты шығарып жатқанда жылдам әрі жақсы ұйықтайтынын айтады. Өйткені дене температурасы адамның ұйықтауына көп әсер етеді. Адам ұйықтаған кезде, әсіресе қалың ұйқыда жатқан кезде дене температурасы төмендейді.
Тезірек ұйықтау үшін дене жылы ванна қабылдап немесе ыстық шай ішіп, немесе аяқты көрпеден шығарып жатып, мақсатты түрде дене температурасын түсіруге болады.
«Плацебо эффектісін» пайдаланыңыз
Колорадо колледжінің ғалымдары қызықты эксперимент жүргізген. Олар зерттеуге қатысушыларға ұйқы сапасының нормадан «жоғары» және «төмен» болатынын айтқан. Содан кейін оларға коннитивті қабілеттерін көрсететін тесттен өтуге кеңес берген. Нәтижесінде ғалымдардың айтқанына сенген адамдар орташа 44% алған. Ал өзін толықтай жақсы ұйықтап тұрдым дегендер 70% алған. Бірақ екі топтағы адамдар да бірдей ұйықтаған. Сол себепті ұйқыдан тұрғанда өзіңізге жақсы демалғаныңызды және алдағы күннің өнімді болатынын айтыңыз.
Дереккөз: Новое время